Британдық Рейтер агенттігінің хабарында 6 тамыз күні АҚШ вице-президенті Майк Пенс өзінің 2020 жылы АҚШ президент сайлауына қатысқалы жатқанын жоққа шығарды. Әрі бұл туралы тараған ақпаратты "дөрекі дақпырт" деп айыптады.
Осыдан бұрын «The New York Times» басылымы кейбір Республикашылдар партиясының өкілдері «Көлеңке акциясы командасын» жасақтап, қазіргі президент Дональд Трампты да шарпыған саяси топ болып отыр деп хабарлаған еді. Сонымен бірге, егер президент Трамп келесі президент сайлауына қатыспайтын болса, Майк Пенсті жақтаушылар оның партия ішіндегі ықпалын арттыра отырып, президент сайлауына қатысады деп болжанған болатын.
Аталған басылымда жасалған болжамдар арасында Майк Пенсте толықтай жасалған саяси күнтізбенің әлі де жоқ екенін, ол өзі үшін «Ұлы америкалық комитет» деп аталатын, ірі қаржылық қорларды қамтыған қуатты топ қалыптастыру үстінде деген айтылымдар да бар еді.
Алайда, АҚШ вице-президенті бұл ақпараттың бәрін жоққа шығарып «дөрекі жалған ақпарат» деп бағалады. Ол өзінің бүкіл командасының президент Трамптың саясатын жүзеге асыруға бағытталғанын атап өтті. Сонымен бірге ол командасымен бірге президент Трампты 2020 жылғы сайлауға қайталай қатыстыру жұмыстарын атқарып жатқандарын айтып өтті. Ол сөзінде: «Бұл мақалада айтылғандардың бәрі де бүтіндей ойдан құрастырылған. Ол күнделікті кездесіп тұратын саяси дақпырт тудыру үшін біреулердің істеп отырғаны» деді.
Алайда, «The New York Times» басылымы өздерінің болжамдарының шындыққа жарасатынын қайталай айтып өтті.
Сол күні Ақүйдің аға кеңесшісі бұл мәселеге арнайы жауап беріп, Майк Пенстің келесі президент сайлауға қатысатынын жоққа шығарды. Ол және ABC арнасының «This Week» бағдарламасының сұхбатын қабылдаған кезде де, Майк Пенстің 2020 жылғы сайлауға қазіргі президент үшін дайындық жұмыстарын жасап жатқанын алға тартты. Ол он жылдан бері қызметтес болған Майк Пенсті өте адал, іскер, сенімді вице-президент деп бағалады.