Интерпол (Халықаралық полиция ұйымы) жанкешті қылмыс жасауы мүмкін деген 173 адамның тізімін еуропалық елдерге таратып берді. Бұлардың бәрі ДАИШ террорлық ұйымының жанкешті лаңкестері болып табылады. Бұл туралы «Анатолы» ақпараттық агенттігі хабарлап отыр.
Қатысты деректерге қарағанда тізімде бар 132 жанкешті лаңкес Ирак, Шығанақ елдері, Солтүстік Африка, Бангладеш және Тәжікстан елдерінен келген. Сондай-ақ, тізімде 6 еуропалық азамат бар. Олар Германия, Бельгия, Франция, Голландия және Босния қатарлы елдерден кеткендер.
Интерпол таратып берген тізім АҚШ барлау орталықтарынан келген. Қазір және алдағы уақытта осы тізімдегі адамдарды ДАИШ ұйымы жанкешті жарылыс жасау үшін Еуропаға жіберуі мүмкін екен.


















Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?
31 мамыр: Ұмытылған әлде билік әдейі ұмыттырғысы келген тарих па?