2015 жылы Иранмен келісім жасасқан алты елдің төртеуі – Америка Құрама Штаты, Ұлыбритания, Германия және Франция қатарлы елдер БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне шағым жолдады. Шағым хатта «Иранның «Самұрық» атты зымырандарын ғарышқа ұшыруы арандатушылық және үрей туғызады» деп айыптаған. Бұл туралы «Түркия Теле-Радио» қызметінің ресми сайты хабарлап отыр.
Аталған төрт ел шағым хатта «Самұрық» зымырандары туралы нақты мәліметтер көрсете алмаған. Алайда, бұл баллистикалық зымырандар болған жағдайда ядролық оқтұмсықтар тасымалдай алуы мүмкін деген болжам айтқан.
Шағым айтқан елдер Иранды 2015 жылы жасасқан келісімді бұзды деп айыптады. Бұл келісімде Иранның ядролық қару тасымалдай алатын баллистикалық зымыран өндіруіне, сынауына, ғарышқа ұшыруына тиым салынған болатын.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы