Ресми Пиоңяң (Пхеньян) АҚШ-тың Ресей, Иран және Солтүстік Кореяға салған жаңа санкцияларын «қылмыс» деп атады.
АҚШ президенті Дональд Трамп жоғарыда аталған үш мемлекетке жаңа санкциялар салуға байланысты заңға қол қойғаннан кейін. Солтүстік Корея Сыртқы істер министрлігі: «АҚШ-тың бұл әрекеті Біріккен Ұлттар Ұйымының қарары мен халықаралық құқықтарға қарсы жасалған қадам. КХДР АҚШ тарапынан жасалған барлық санкцияларға өз қарсылығын білдіреді және өзге мемлекеттерде АҚШ-тың заңсыз әрекеттері жайында ойлануы тиіс» - деген мәлімдеме таратқан.
Бұдан бөлек Солтүстік Корея Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың салған санкциялары Пиоңяңның зымыран сынағын өткізуіне кедергі жасай алмайтынын. Керсінше АҚШ-тың осындай әрекеттерінен кейін КХДР өз қорғанысын күшейту үшін алдағы уақыттада зымыран сынақтарын өткізе беретінін хабарлаған.
Естеріңізге салайық, шілденің 28-29 қараған түні Солтүстік Корея өзінің кезекті баллистикалық зымыранын сынақтан өткізген болатын.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы