Қырғызстанда тамыздың 3-і күні жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 6:14-те 5 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды CA-NEWS (KG) ақпарат көзі.
Қырғызстан Сейсмология институтының мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Қырғызстан мен Қытай арасындағы шекаралық аймақта болған.
Әзірге зілзаладан зардап шеккендер мен жарақат алғандар жайында ешқандай ресми мәлімдеме жасалмаған.