«Оңтүстік Корея президенті Пак Кын Хенің айналасындағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты дау Samsung компаниясына да жетті. Тергеушілер Компанияның топ менеджері әрі холдинг басшысының ұлы Ли Че Ёнді тергеуге алмақ», – деп мәлімдейді BBC News.
Тергеушілер Ли Че Ённен күдікті ретінде бейсенбі күні сауалнама жүргізбек. Олардың (тергеу жұмыстарын жүргізушілер) ойынша, Samsung қайырымдылық ретінде президенттің құрбысы Чхве Сун Силь басқаратын жекеменшік компанияға үлкен көлемде қаражат аударған.
Ли Че Ён – Әкесінің денсаулығына байланысты, Samsung компаниясының президенті қызметін атқарады.
Үлкен сыбайлас жемқорлық туралы дау тудырған осы уақиғалар Пак Кын Хенің импичмент жариялауына әкеліп соқты. [«Импичмент» дегеніміз – бірқатар шет елдердегі аға лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін жүзеге асыру үшін қабылданатын арнайы тәртіп. Ред.] Құрбысы Чхве Сун Силь осындай ірі холдингтерге қаражат аударуына күштеп қолқа салған көрінеді. Олардың ішінде Samsung компаниясы да бар.
Компания даулы мәмілеге байланысты билік тарапынан қолдау күткен. Алайда, тергеушілер бұл қайырылымдылық фондын пара ретінде қабылдауға да болатынын жоққа шығармайды.
Ли Че Ён ресми түрде Samsung-тың вице-президенті қызметін атқарады. Бірақ компания президенті оның әкесі Ли Гон Хи инфаркт алғандықтан, әзірге компания басшысы саналады.
Айта кетейік, Samsung – жоғары технологиялы электроника, мобильді телефон, теледидар, монитор мен тұрмыстық техникалар өндіретін әлемдегі ірі өндіруші компаниялардың бірі.
ауд. Гүлім Рысқұл
"The Qazaq Times"


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер