Жақында ғана Иран Ресейден ең жаңа әрі озық үлгідегі 12 ұшақ сатып алу келісіміне қол қоятыны туралы мәлімдеген. Бұл туралы «Парс.Ақпарат» агенттігінің ресми сайты хабарлап отыр.
Ресейдің Энергетика министрі және Иран-Ресей арасындағы ортақ экономикалық серіктестіктің ресейлік төрағасы Александрдың растауынша, Иран Ресейдің «Сухой Супер-жет–100» озық ұшақтарын сатып алу келісіміне қол қоймақ. Сатып алатын ұшақтардың арасында Сухой Супер-жет -100 ұшағының «FLY-BY-WIRE» түрінде басқарылатын 100 адамға арналған ұшақ та бар. Бұл Air Bus ұшақтарынан еш айырмасы жоқ.
Иран әскери қуатына жасаған сараптамамызда аталған елдің әуе күштерінің біршама әлсіз екенін, әскери ұшақтарының ескіргенін айтып өткен едік. Бұл рет Иранның Ресейден сатып алатын ұшақтары арасында әскери ұшақтардың да бар. Жолаушылар ұшақтарын сату ісі бойынша осыған дейін АҚШ-тың ұшақ бөлшектерін өндірушілердің рұқсатын қажет етіп келген. Алайда, Ресей мен Иран арасындағы бұл реткі сауда, америкалықтардың рұқсатынсыз жүзеге асса керек.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы