Шілденің 25 күні Орал қалалық сотында «шейх Халил» Қайрат Абдужаббаровтың сотының тыңдалымы болды.
42 жастағы Қайрат Дәукенов 2003 жылы Атырау, Орал, Ақтөбе қалаларының мешіттерінде уахабизм, тәкфризм идеяларын насихаттаған. Ол намаз оқымайтын мұсылмандарды кәпірлер деп атап, мешітке келушілерді жиһадқа шақырған.
Абдужаббаровты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сұрауымен 2017 жылдың ақпан айында Сауд Арабиясынан экстрадициялаған болатын. Қайрат Дәукенов Қазақстанға жеткізілгенен кейін, ҰҚК оған Атырау, Орал, Ақтөбе қалаларында радикалды бағыттағы топтар құрып, ел аумағында террорлық шабуылдар жасап, Ауғанстан мен Сүрияға адамдар жіберді деген айып таққан.
Қазіргі таңда Қайрат Абдужаббаровтың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің «діни алауыздық туғызу», «терроризмді насихаттау» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалған. Келесі сот отырысы тамыздың 1 күні болады. Абдужаббаров ісі бойынша 100-ге жуық адам куәгер ретінде қатысуда.


















Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?
31 мамыр: Ұмытылған әлде билік әдейі ұмыттырғысы келген тарих па?