Режеп Тайып Ердоған барша мұсылман жұртына үндеу тастады.
Түркия Президенті барша мұсылманды әл-Ақсаға (Масжид әл-Ақса) зиярат етуге шақырды. Бұл туралы «Түрік Теле-Радио» қызметінің ресми сайты хабарлайды.
Ол Әділет және даму партиясының Ұлттық Мәжілісіндегі сөйлеген сөзінде; «Бұл жерден барша мұсылманға үндеу тастаймын. Қасиетті мекенге зиярат жасасын, егер бара алмаса онда жәрдем жіберсін» деген.
Сонымен қатар Ердоған Израиль әскерлерінің мұсылмандардың қасиетті мекені әл-Ақса мешітін аяқ асты ету себебінен бұл күнде Иерусалимнің мұсылмандарға ортақ орын ретінде қаралмай қалғанына налып «Барша мұсылман болып осы қасиетті Иерусалимге ие болайық» дегенді айтқан.
Қазіргі мақсат Әл-Ақсаны мұсылмандардың қолына алуы екенін айтқан Ердоған, бұл күнде әл-Ақсаның төрт бұрышында палестиналық қайсар мұсылмандар мен басқа да мұсылман қауымның басым тұрғанына сенімін білдірді.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау