Монғолия президенті Халмаагийн Баттулга антикорупциялық ведомства басшыларын сынға алды деп хабарлайды Монцамэ ақпарат агенттігі.
Монғолия жемқорлыққа қарсы ведомствосының бас комиссары Х. Энхжаргал мен оның орынбасары Ц. Нямдоржды қабылдаған Халмаагийн Баттулга, ведомства жұмысына көңілі толмайтынын айтып, өткен жылы Монғолия қоғамында үлкен дау тудырған 60 миллиард төгрікке (Монғолияның ұлттық валютасы - ред.) байланысты тексерулердің неге тұралап қалғандығы жайында сұраған.
Кездесу барысында Халмаагийн Баттулга қоғам талқысына түскен бұл істің маңыздылығын алға тартып, жемқорлыққа қарсы ведомство басшыларына қысқа уақыт аралығанда 60 миллиард төгірек төңірегіндегі дауға нүкте қою керектігін айтқан.
60 миллиард төгірекке (24,8 млн доллар) байланысты дау осыдан бір жыл бұрын бұқаралық ақпарат құралдары беттерінде жарияланған құпия аудиодан кейін шыққан болатын. Онда Монғолия Халықтық партиясының басшылары 60 миллиард төгіректі мемлекеттік қызметтерді сату арқылы табуға болатыны жайында әңгіме қозғаған.
Бұдан бөлек Баттулга Энхжаргал мен Нямдоржға өзінің президент сайлауына қатыспай тұрғанда осы іске байланысты жемқорлыққа қарсы ведомство басшылығына хат жолдағанын, оған осы уақытқа дейін ешқандай жауап ала алмағанын жеткізген.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді