Көп жылдан бері тынышталып қалған Израиль-Палестина арасындағы қақтығыс соңғы кездері қайта үдей бастады. Осыған байланысты БАӘ 26 шілде күні Израиль-Палестина мәселесінің төтенше отырысын ашатынын жариялады. Бұл туралы «Шинхуа» агенттігінің ресми сайты хабарлайды.
14 шілде күні 3 Израиль полиция қызметкері әл-Ақса мешітінің маңында яғни Иерусалим көне қорғаны аумағында шабуылға ұшырап, оның екеуі қаза тапты. Оқиғадан кейін Израиль тарабы әл-Ақса мешітін қатаң бақылауға алып, мұсылмандардың онда барып құлшылық етуіне қатаң шектеу қойды. 16 шілде күні Израиль полиция тараулары әл-Ақса мешітін ашып берді, алайда, оған кіру үшін мұсылмандар қатаң қауіпсіздік тексеруінен өтетін болды.
20 шілде күні кештеИерусалимдегі Ескі қала қорғаны аумағындағы Арыстан қақпасы сыртында Палестина бұқаралары мен Израиль қарулы күштері арасында қақтығыс болды. Нәтижесінде – кем дегенде 42 палестиналық қаза тауып, 5 Израиль полициясы жарақат алды.
21 шілде күні палестиналықтар көптеген жерде «ашу-ыза жұмалығы» деп аталатын наразылық шеруін өткізді. Мұның соңы тағы да Израиль полицияларымен арадағы қақтығысқа ұласты. Кем дегенде үш палестиналық қаза тауып, 450 адам түрлі жарақат алды.
Жарты ғасырдан бері Израиль-Палестина трагедиясы толассыз жалғасып келеді. Алайда, соғыс пен қақтығыстар арқылы бейбітшілік пен тыныштықты күштеп орнатуға болмайтынын, керісінше қайшылықтар мен өшпес жаулықты ғана тереңдете түсетінін тарих тағы бір мәрте дәлелдеп өтті.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер