Пәкістан қорғаныс күштері 21 шілде күні Үндістанның қарулы күштері пәкістандық бейбіт тұрғындарға шабуыл жасағанын, салдарынан 1 адамның қаза тапқанын мәлімдеді. Бұл туралы «Шинхуа» агенттігінің Ислам-абаттағы ақпарат агенттері хабарлаған.
Пәкістан жақтың мәліметіне қарағанда Үндістан қарулы күштері сол күні Кашмир өңіріндегі Үндістан мен Пәкістанның ортақ бақылауындағы өңірге қарулы шабуыл жасаған. Шабуылда бейбіт тұрғыннан 1 ер адам қаза тауып, 4 адам жараланған. Үкіметаралық ақпарат қызметінің берген мәліметіне сүйенсек, Пәкістан жақ қайтарма шабуыл жасап, 3 үндістандық әскериді атып өлтірген және бірнешеуін жаралаған. Сонымен бірге үндістандық тыңшының тұтқындап көзін жойған.
Кашмир өңірінде Үндістан мен Пәкістан арасындағы қарулы қақтығыстар үнемі туып келеді. 1947 жылы Үндістан мен Пәкістан іргесін бөлгеннен бері, Кашмир екі ел арасындағы шекарасы анық болмаған талас өңірге айналып қала берді. Кашмир қазір әлемдегі көлемі жағынан ең үлкен талас болып отырған өңір болып саналады. 2003 жылы екі ел келіссөз арқылы Кашмирді ортақ бақылауға келіскен. Алайда, бұл келісім өңірдегі қарулы қақтығыстармен екі ел арасындағы дау-жанжалды тоқтатып қала алмады. Бұл осы жылда Үндістан тарабынан жасалған 594-ші шабуыл болып саналады екен.