2017 жылдың бірінші жартысында Қытай Үкіметі жемқорлық жасағаны үшін 210 мың шенеунікті жазалаған. Бұл туралы Әл-Жазира (Al-Jazeera) ақпараттық агенттігі хабарлады.
Орталық комиссияның мәліметінше, елдегі жемқорлыққа қарсы институттар ағымдағы жылы 1,31 млн шағым қабылдап, 260 мың істі ашқан. Жазаға тартылған 210 мың шенеуніктің қатарында 38 жоғары шенді, министрлік өкілдері де бар.
Ши Жинпиң билікке келген 2012 жылдан бастап, өзінің басты бағытын жемқорлыққа қарсы күреске арнады. Бұл бастаманы қолдамайтындар жемқорлыққа қарсы күрес сылтауымен мемлекет басшысы өзінің қарсыластарын саяси аренадан ығыстырып жатыр деп есептейді.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?