Алматыда 1 тамыздан бастап жолақы қымбаттайтын болды. Енді жол ақысын қолма-қол төлеймін десеңіз 150 теңге қалтаңызда болу керек. Ал 80 теңгені тек «Оңай» картасы, SMS және банк карталарымен ғана төлей аласыз.
Алматы қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Бекзат Бекішевтің сөзінше, қазіргі уақытта шығарылған қаулы әділет органдарының қарауына жіберілген.
Бұдан бөлек, қала шетіндегі елді мекендерге қатынайтын автобустарға да «Оңай» жүйесі енгізілмек. Тіпті бұл маршруттармен жүретін жолаушыларға жеңілдіктер қарастырылады екен. Алматы әкімдігі өкілдерінің сөзінше, басты міндет барлық жолаушыларды карта арқылы төлем жасау жүйесіне ауыстыру.
Айта кетейік, "Оңай" жүйесі 2016 жылдың 11 қаңтарынан бастап енгізілген. Бастапқы кезде бұл жүйеге үйренісе алмағандар арасында біраз шу болған болатын. Ал енді тариф тағы 150 теңгеге қымбаттар болса Алматы әкімдігі халық тарапынан туындайтын жаңа дауға дайындала беруіне тура келеді.


















Астанада қалған жаңаөзендік жұмыссыздар "Қазмұнайгаз" келіссөзді тоқтатып тастады дейді
ФБР Пентагонның құпия құжаттарының жариялануына қатысы бар күдіктіні қамады
Бішкекте кәсіпкерлер жаңа салық ережелеріне қарсы акция өткізді
Назарбаев "құрметті сенатор" атағынан айырылды
Моңғолия астанасында жаппай наразылық шерулері өтті
Екібастұзда жылу желісіндегі ақауға "станция қызметкерінің қателігі" себеп болғаны айтылды