Жамбыл облысының Қаратау қаласында «Қаратау ПРО» ЖШС-ның мәрмәр ұнтағын өндіретін кәсіпорны ашылды, деп хабарлайды облыстың баспасөз қызметі.
Жоба 2015 – 2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриалды – инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Жобаның құны – 1,946 млрд теңгені құрайды. Жобаның жылдық қуаты – 110 мың тонна. Қазіргі таңда зауытта 68 жаңа жұмыс орындары ашылған.
Облыс әкімдігінің мәліметінше, 2015-2019 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық мемлекеттік бағдарламасы бойынша биыл облыста құны 15,4 млрд теңгені құрайтын 12 инвестициялық жоба іске асырылып жатыр. Енді осы жобалар аясында 1400 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланып отыр.
Айта кетейік, қазіргі кезде Қазақстанда жұмыссыздар саны ресми ақпарат бойынша 5 пайызды, ал бейресми ақпаратқа сүйенсек 30 пайыз шамасында. Сондықтан мұндай кәсіпорындардың құба-құп, егер қазақстандықтар жұмыспен қамтылар болса.