Түркияда ел президенті Режеп Тайып Ердоған мен премьер-министр Бинали Йылдырымның жабық есік жағдайында өткен екі сағаттық кездесуінен кейін, Түркия үкіментінің министрлер кабинеті толықтай өзгертілді.
Бүгін Түркия премьер-министрі Бинали Йылдырым ел үкіметіндегі ауыс-түйістерді халық назарына ұсынды. Онда жеті министрдің орыны ауысып, жаңадан алты министр қызметке алынған.
Ердоған мен Йылдырымның екі сағатта ел үкіметін адам танымастай етіп өзгертуінің сыры не де екендігі әзірге белгісіз. Бірақ шет елдік сарапшылардың болжамы бойынша, бұл Ердоған билігін күшейту үшін жасалып жатқан қадамдар болуы мүмкін. Өйткені былтырғы бүліктен кейін Ердоған Түркияда "Гүленшілер" деген желеумен мыңдаған адамды тұтқындап, саяси аренадағы қарсыластарын тазарту операциясын бастап кеткен болатын.

















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы