SpaceX және Tesla компаниясының негізін қалаушы Илон Масктың сөзінше, адамзатқа төніп тұрған негізгі қауіп - жасанды интеллект. Fortune журналының хабарлауынша, Маск бұл туралы АҚШ губернаторларының ұлттық қауымдастық алдында жасаған мәлімдемесінде айтқан.
«Жасанды интеллект - адамзатқа төнеген ең үлкен қауіп. Жол көлік оқиғасы, әуе апаттары, сапасыз дәрі немесе нашар тамақтану ешқандай қауіп емес", - дейді Маск. Сондай-ақ, ол жасанды интеллекті енгізу және дамыту бойынша барлық технологияларда қолжетімділік бар екенін, адамдарды осы мәселе алаңдатуы керектігін атап өтті.
Бұдан бұрын Илон Маск роботтардың жасалуына байланысты жұмыс орындары қысқарып жұмыссыздық деңгейі көбейетіні туралы да ескерткен. Тіпті ол адамдарға ақылды болуға қосымша мүмкіндік беретін "ми-компьютер" технологиясын қолдаған.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның емханаларында онкологиялық ауруларды емдеу үшін «жасанды интеллект» пайдаланылатын туралы хабарланған. IBM компаниясымен жасалған екіжақты келісімнің аясында жасанды интеллект арқылы науқасқа қандай ем қолдану керектігі анықталады. Технологияның деректер базасында мыңдаған ғылыми мақалалар мен құнды деректер орналастырылады.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі