АҚШ-тың мемлекеттік құрылымдарында «Касперский лабораториясының» өнімдерін пайдалануға тыйым салды. Бұл туралы шешімді Дональд Трамп әкімшілігі Bloomberg агенттігі жариялаған «Касперский лабораториясы» Ресей Үкіметімен және барлау қызметімен тығыз байланыста деген ақпаратынан кейін қабылдады.
«Касперский лабораториясы» өздерінің жеке меншік компания ретінде әлемнің бірде бір елімен саяси байланыс орнатпағандықтарын жеткізді. Ұйым басшылығы: «Біздің компания ақпараттық қауіпсіздік нарығында 20 жылдан астам кәсіп жүргізудің ең үздік стандарттарын ұстанып келеді. «Касперский лабораториясы» әлемнің бірде бір мемлекетіне кибершпионаж жүргізуге ешқашан көмек көрсетпейді», -деп мәлімдеді.
Компания директоры Евгений Касперский АҚШ-тың шенеуніктерімен арнайы кездесіп, Конгрессте ойын білдіруге дайын. Сондай-ақ «Касперский лабораториясының» өкілдері ұйымның жұмысына күмән келтірген кез-келген мемлекеттік органға компанияның қызметін зерттеуге мүмкіндік беретіндіктерін деп атап өтті.
«Касперский лабораториясы» 1997 жылы құрылған. Компания компьтерлік вирустар, спам, хакерлік шабуылдар мен өзге де киберқауіптерден қорғау жолдарын қамтамасыз етуге маманданған.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау