Испания Каталонияны конституциялық сотқа береді. Бұл туралы шешім Мадридте 4 шілде күні Каталонияның суверенитетін жақтаушылар өңірлік парламентте Испаниядан тәуелсіздігін алу туралы референдумның заң жобасын таныстырғаннан кейін қабылданды. Аталған заң жобасында "референдум жеңіске жеткен жағдайда, Каталония Испаниядан тәуелсіздігін 48 сағат ішінде жариялайды" делінген.
Каталонияның жергілікті басқару органының президенті Карлес Пучдемонт орталық биліктің қарсылығына қарамастан, референдум 2017 жылдың 1 қазанында өтеді деп хабарлады. Испанияның негізгі заңы Конституцияда мұндай референдумдар өткізуге тыйым салынып, оны бұзған азаматтарға арнайы жаза қарастырылғанымен каталондықтарға бұл тоқтау сала алмай отыр. Каталонияның басшысы тәуелсіздік алғаннан кейін елдегі экономикалық жағдай жақсара түсетініне сенімді. Осы тұста атап өту керек, қазірдің өзінде Каталониядағы азаматтардың орташа табыс мөлшері Испанияның қалған аудандарымен салыстырғанда 20 пайызға жоғары.
Әлеуметтік зерттеулер орталығының қызметкері Габриэла Роспиденің мәліметінше, Каталониядағы тәуелсіздікті қолдап, дауыс беретіндердің саны шамамен 40 пайызға да жетпейді. Ал жергілікті билік бұл көрсеткіш 55 пайыздан жоғары деп мәлімдеді.
Испания билігі сепаратистерге заңға сәйкес конституциялық сот арқылы қарсы тұрмақ. Елді бөлшектеуге қатысты кез-келген идея антиконституциялық деп танылып және бұл әрекеттері үшін референдумға қатысушылар түрмеге тоғытылуы мүмкін.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?