Ресейдің Сүриядағы әскерилерінің берген деректерінде ән-Носарт майданындағы лаңкестік топтардың елдің солтүстік-батысындағы Идлиб аймағында химиялық шабуылмен арандатушылық жасағалы отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы Иранның «Парс» ақпарат агенттігі хабарлап отыр.
АҚШ Сүрия үкіметін химиялық қару қолданғалы отыр деп жазғырып, егер химиялық қару қолданатын болса Сүрия үкіметіне ауыр соққы беретінін ескерткен. Ал, ресейлік әскерилердің берген хабарында, лаңкестік топтар химиялық қару қолданып, арандатуға ұрынғалы отыр деді.
Қазіргі кезде Иран Қорғаныс күштері мен Ресейдің Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшылары телефон арқылы тілдесіп, АҚШ-тың Сүрия ісіне орынсыз араласуын болдырмауға тырысуда. Ресей жақ АҚШ-тың сылтау тауып Сүрия режимін құлатуға тырысады деп айыптайды. Ал, АҚШ болса Башар Асад билігі Сүрияның басты кедергісі деп қарайды. Дегенмен, Ресей және Иран, Түркия қатарлы елдер АҚШ-тың өңірдегі ең негізгі террорлық ұйымдарды астыртын қолдап отырғаны туралы да деректерді алға тартады.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі