Атырау облысының Индер, Махамбет және Қызылқоға аудандарында егістік алқаптарын шегіртке жайлады. Зиянкестерге қарсы күрес нәтижесіз аяқталғандықтан, егіншілер егу жұмыстарын қайта жүргізуге мәжбүр болып отыр.
Индер ауданындағы "Төлес" шаруа қожалығының үш гектарға жуық көкөніс алқабына шегірткелер қырғидай тиіп, орасан шығын келтірген. Суару жұмыстарынан соң енді бой көрсете бастаған дақылдарды түгелдей жеп кеткен шегірткелердің шабуылынан кейін 1,5 га жер жарамсыз болып қалды. Махамбет ауданы диқаншыларын әбігерге салған саяқ шегірткелер аса қауіпті зиянкеске жатпағандықтан, оны улауға бюджеттен қаржы қарастырылмаған. Өз қалтасынан шығынданған шаруаның бірі Қобылан Сейітов: "20 литр уға 100 мың теңге қаржы кетті, бірақ шегіртке әлі бар. Егін піспей жатып, шығынға шаш-етектен батып жатырмыз", - дейді.
Итальяндық прус шегірткесі жайлаған Қызылқоға ауданында зиянкестердің кесірінен 11 мың га жер бүлінген. Бұл туралы Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Жәнібек Тұрдағалиев: "Шегірткелер бізге көршілес Батыс Қазақстан облысынан келді. Енді олар Ойыл округіндегі "Жас қайрат" ЖШС-не тиесілі арпа егілген 175 га аумақты жайлай бастады. Қазір егістікті сақтап қалу мақсатында жерге у шашу жұмыстары жүргізілуде", - деп мәлімдеді.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?