АҚШ-тың сенат комитеті қарулы күштер бойынша бірауыздан ұлттық қорғаныс бюджеті үшін 700 млрд доллар қаржы бөлу туралы заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды The Hill.
Заң жобасында базалық әскери бюджет 640 млрд доллар көлемінде, ал әскери қор 60 млрд доллар болып бекітілді.
"Енді ұлттық қорғанысқа қаржы бөлу заңы алты жылдың ішінде қысқарып қалған қорғаныс бюджеті есебінен әскери күшті қайта қалпына келтіру процестері басталадыі", - деді сенатор Джон Маккейн.
Бұдан бұрын алдын ала жасалған базалық қорғаныс бюджеті 603 млрд долларға, ал қорға жіберілетін қаржы 65 млрд доллар болып көрсетілген.
Сондай-ақ, қосымша қаржы Пентагонның сұранысына байланысты 6 мың солдатпен қамтамасыз ету үшін қолданылатын болады және 1 мың солдат теңіз корпусы ісіне жұмылдырылады. Сондай-ақ, F / A-18s жойғыш құралдары алынады. Кеме жасау шығындары 5 млрд долларға ұлғаяды.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі