Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі киносыншы Бауыржан Рамазанұлы Нөгербек 69-жасында өмірден озды.
Бауыржан Рамазанұлы Нөгербек 1948 жылы 6 тамызда Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Ұлытау ауылында дүниеге келген. 1971 жылы Мәскеу қаласындағы Мемлекеттік кинематография институтының кинотану факультетін бітірді.
Саналы ғұмырының көп бөлігін Т.Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясында ұстаздық етуге арнаған талантты тұлға –аталған білім ордасында тұңғыш «Кино және ТВ» факультеті мен «Өнертану» кафедрасын құрған айтулы азаматтардың бірі. Оның қазақ кино өнерінің кешегісі мен бүгінгісі, болашағы туралы жазған құнды еңбектері әлемнің бірнеше тіліне аударылған. Кинотану мамандығының дамуына елеулі үлес қосқан қайраткер әр жылдары «Шәкен жұлдыздары», «Еуразия», «Алтын мінбер» халықаралық кинофестивальдерінің қазылар алқасының құрамында болды.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?