Бүгін Астанадағы Қазмедиа орталығында есеп беру мақсатында өткен халықпен кездесу барысында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев журналистерді баспанамен қамтамасыз ету мәселесін шешу туралы да сөз қозғады.
Министр: «Журналистерге үй беру мәселесінде біз қолымыздан келгенін жасаймыз, көмектесеміз. Бірақ, бір нәрсені түсінуіміз керек. Журналистер бюджеттік мекеме қызметкерлері қатарына жатпайды. Мәселен, басқа жекеменшік газеттерде жұмыс істеп, жоғары жалақы алу мүмкіншілігі бар деп есептелінеді. Сондықтан бұл тұрғыда осы ой-сананы өзгерту де қиын. Бірақ, біз арнайы жұмыс істеп жатырмыз», - деген болатын.
Сонымен қатар ол, министрлік ірі бұқаралық ақпарат құралдарына екінші деңгейлі банктердің алдында кепіл болуы арқылы да көмек беруі мүмкін екендігін атап өтіп: «Басқаша жолын қарастыру қиын болып тұр. Өйткені БАҚ өкілдерінің 90 пайызы жекеменшік саналады. Ал олар жекеменшік болғандықтан мемлекет көмек бере алмай отыр. Біз мемлекет тарабынан тапсырыс беріп, сол арқылы жекеменшік БАҚ-ты жаңа деңгейге көтеруге көмектесе аламыз», - деді Дәурен Абаев.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?