ЭКСПО 2017 халықаралық көрмесіндегі Samsung фирмалық павильонының ашылу шеңберінде инновациялық теледидарлар желісінің жаңа буынының VIP-таныстырылымы өтті. Осылайша Samsung Electronics Central Eurasia компаниясы «Болашақ энергиясы» жаңашыл тұжырымдамасындағы ауқымды жобаға Жаһандық Әріптесретінде белсенді қолдау көрсетеді, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Таныстырылымды ашқан Samsung Electronics Central Eurasia компаниясының президенті Бен Юн мырза ЭКСПО 2017 көрмесінің бүкіл әлемдегі үкіметтерге, бизнесмендерге және мамандарға өздерінің ең жаңа әзірлемелерімен, технологияларымен және инновацияларымен бөлісу мүмкіндігін беретін атаулы оқиға болып табылатынын атап көрсетті.

«Біз болып жатқан оқиғаның бір бөлігі болып отырғанымызға қуаныштымыз. Бүгінгі кеш біз үшін ерекше маңызды, өйткені біз сіздерге телевизия индустриясындағы ең жаңа әзірлемелеріміз – Quantum Dot технологиясындағы QLED TV теледидарларын мақтаныш сезімімен ұсынамыз. Қазіргі уақытта QLED теледидары 100% түс көлемін қамти алатын жалғыз теледидар болып табылады. Бұл – стильді, ақылды және функционалды теледидарлар желісі. Біз сіздерге оның ұнайтынына сенімдіміз», - деді Юн мырза.

Samsung Electronics өкілдері QLED TV революциялық теледидарлар желісінің озықтығы неде екендігін әңгімелеп, оның негізгі артықшылықтарын: metal Quantum dot жаңа экран технологиясын, 100 пайыздық түс көлемін, барынша кең шолу бұрыштарын, 360 градустық бірегей дизайнын, «көзге көрінбейтін» қосылысын, бір пульт қағидатын және көптеген басқа да тұстарын егжей-тегжейлі талдап көрсетті.

Samsung компаниясының QLED теледидарлары ТВ индустриядағы ең жаңа технологияларды пайдалана және ең талғампаз пайдаланушылардың қажеттіліктерін ескере отырып жасалды. Құрылымы жақсартылған кванттық нүктелер технологиясы бұрынғыдан жоғары жарқындылық деңгейіне және түс гаммасының барынша молдығына қол жеткізуге мүмкіндік берді. QLED теледидарларында шолу бұрышы, түс көлемі, кескіннің жарқындығы мен контрастылығы сияқты заманауи ТВ-ның барлық негізгі сипаттамалары жетілдірілген және VDE (Verband Deutscher Elektrotechniker) Электрлік, Электрондық және Ақпараттық технологиялардың Неміс Қауымдастығы түс қамтуының 100% дәлдігі және 1500 нит (HDR1500) жарқындығының көрсеткіштері бойынша QLED теледидарларының сипаттамаларын сертификаттады.

Samsung-тың QLED теледидарларының барлық үлгілері нағыз металды пайдалана отырып жасалған, осылайша Samsung теледидарларының дизайнын жаңа деңгейге шығарудың сәті түсті.

“The Qazaq Times”