Әлем бойынша босқындар саны рекордтық көрсеткішке жетті деп хабарлайды ВВС ақпарат агенттігі.
Біріккен Ұлттар Ұйымының босқындар жөніндегі агенттігінің мәліметінше, 2016 жылы әлем бойынша босқындар саны 65,6 миллион адамға жеткен. Бұл көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда 300 мың адамға көп.
БҰҰ босқындар ісі бойынша комиссары Филиппо Грандидің айтуынша, әлем бойынша босқындар санының өсуі халықаралық мәселелерде дипломатиялық қарым-қатынастардың жыл сайын әлсіреп, түкке тұрғысыз күйге жетуінде.
БҰҰ зерттеуі бойынша қазіргі таңда әлем бойынша ең көп босқындар Сүрияда 22,5 млн адам. Азаматтық соғыс салдарынан ел ішінде үй-күйінен айырылған босқындар саны 40,4 млн адам. Ал өзге мемлекеттерден өздерін қабылдауға өтінші білдірген адамдар саны 2,8 млн.
Осы уақытқа дейін әлем бойынша босқындарды ең көп қабылдап жатқан Түркия 2,9 млн адам, Пәкістан 1,4 млн адам, Ливан 1 млн адам, Иран 979,9 мың адам, Уганда 940,8 мың адам, Эфиопия 791,6 мың босқын қабылдаған.
Ал ТМД мемлекеттері арасында үй-күйсіз босқынға айналған адамдар саны ең көп ел ол Украина. БҰҰ мәліметінше, 2016 жылы 109 мың украиналық ел ішінде босқынға айналған.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр