Иран Сүрия аумағындағы «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымын орташа қашықтықтағы зымырандарымен атқылады.
Tasnim ақпарат агенттігінің мәліметінше, Иран ислам революциясының қорғаушылары Сүрияның шығысындағы «Ислам мемлекеті» содырларының әскери базаларына шабуыл жасаған.
Иран Сүрияның шығысындағы террорлық топтарды Тегерандағы Аятолла Хоменей мен Иран парламентінің ғимаратына жасалған лаңкестік шабуылға қатысы бар деп есептейді. Сол себепті Иран ислам революциясын қорғаушылары кек алу мақсатында Сүриядағы «Ислам мемлекеті» содырларын бомбылаған.
Естеріңізге сала кетсек, Тегерандағы теракты кезінде 18 адам көз жұмған болатын. Ал Иранның «Ислам мемлекеті» лаңкестерін бомбылауынан қанша адам зардап шеккені жайында ешқандай ақпарат жоқ.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау