Астанада ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А. Мамин мен Украина Премьер-Министрінің орынбасары Г. Зубконың төрағалығымен экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Бірлескен Мемлекетаралық Қазақстан-Украина комиссиясының XIII отырысы өтті. Қазақстан мен Украинаның арасындағы тауар айналымы 2017 жылдың алғашқы 4 айында 37,3%-ға өсті. Бұл туралы премьер министрдің ресми сайтында хабарланды.
Хабарламада жазылғандай, осы жылдың алғашқы 4 айында екі арасындағы өзара сауда көлемі 2016 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 37,3%-ға өсті және 486,3 млн долларды құрады. Бүгінде Қазақстанда Украинаның қатысуымен 661 кәсіпорын жұмыс істейді.
Сондай-ақ, 2017 жылғы қаңтар-ақпан айларында Қазақстан мен Украина арасындағы экспорттық және импорттық жүк көлемі 186,6 мың тонна болған, бұл 2016 жылғы деңгеймен салыстырғанда 15%-ға жоғары. Транскаспий халықаралық көлік бағдары дәлізін дамыту жұмысы жалғастырылып жатыр.


















Астанада қалған жаңаөзендік жұмыссыздар "Қазмұнайгаз" келіссөзді тоқтатып тастады дейді
ФБР Пентагонның құпия құжаттарының жариялануына қатысы бар күдіктіні қамады
Бішкекте кәсіпкерлер жаңа салық ережелеріне қарсы акция өткізді
Назарбаев "құрметті сенатор" атағынан айырылды
Моңғолия астанасында жаппай наразылық шерулері өтті
Екібастұзда жылу желісіндегі ақауға "станция қызметкерінің қателігі" себеп болғаны айтылды