Астанада ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А. Мамин мен Украина Премьер-Министрінің орынбасары Г. Зубконың төрағалығымен экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Бірлескен Мемлекетаралық Қазақстан-Украина комиссиясының XIII отырысы өтті. Қазақстан мен Украинаның арасындағы тауар айналымы 2017 жылдың алғашқы 4 айында 37,3%-ға өсті. Бұл туралы премьер министрдің ресми сайтында хабарланды. 

Хабарламада жазылғандай, осы жылдың алғашқы 4 айында екі арасындағы өзара сауда көлемі 2016 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 37,3%-ға өсті және 486,3 млн долларды құрады. Бүгінде Қазақстанда Украинаның қатысуымен 661 кәсіпорын жұмыс істейді.

Сондай-ақ,  2017 жылғы қаңтар-ақпан айларында Қазақстан мен Украина арасындағы экспорттық және импорттық жүк көлемі 186,6 мың тонна болған, бұл 2016 жылғы деңгеймен салыстырғанда 15%-ға жоғары. Транскаспий халықаралық көлік бағдары дәлізін дамыту жұмысы жалғастырылып жатыр.

“The Qazaq Times”