Солтүстік Кореяның жариялаған арнайы мәлімдемесінде, бейсенбі күні сынақтан өткізген қанатты зымыранның АҚШ-тың Корей түбегі маңындағы авиаматкалары мен су асты кемелеріне қаратқан жауап екенін айтты. Әрі, сынақтан өткізген қанатты зымыранның кез-келген су үсті әскери техникаларын қиратуға қаблетті екенін ескертті. Бұл туралы америкалық танымал басылым “The Wall Street Journal” басылымы хабарлап отыр.
Бір айға жетпейтін уақытта Солтүстік Корея төрт рет зымыран сынағын жасады. Осыдан кейін Солтүстік Корея баллистикалық зымырандардың қуатты күшіне жетпеді деп айту қиын. Айталық ядролық оқты тасымалдаушы зымыран, зымыран қондырғысы бар көліктерден зымыран ату, су үсті әскери техникасына қарсы қанатты зымыран қатарлылар. Оған қоса, зымыран тасымалдаушы көліктердің түрлі жағдайларға қабілеттілігін арттыру сынақтары да бар.
Корея Орталық Ақпарат агенттігінің бүгін таңертең жариялаған хабарына қарғанда, кешегі зымыран сынағы Уонсан қаласы маңындағы теңіз жағалауында жасалған. Әрі, бұл жолы да КХДР ең жоғары басшысы Ким Жоң Ун (Ким Чен Ын) сынақ барысын көзден кешірген. Сынақтан кейін бұл жаңа зымырандардың Корей шығыс теңізіндегі жау кемелеріне соққы береуда аса маңызды деп атап өткен.
АҚШ пен Жапония жақ жаңа қанатты зымырандар сынағынан кейін Солтүстік Корея баллистикалық зымырандар қуатының артқанын айтып алаңдаушылық білдірді.

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі