Бүгін «Алатау» дәстүрлі өнер театрында 1-маусым Халықаралық Балалар күніне арналған «Балаларға күлкі сыйлаймыз!» атты іс-шара өтіп, театрдың кинозалында мультипликациялық фильмнің қайырымдылық көрсетілімі болды. Бұл туралы театрдың баспасөз қызметі хабарлады.
Шараға Алматы қаласы республикалық Достық үйі жұмысын қамтамасыз ету қызметі, «Алатау» дәстүрлі өнер театры, Алматы қаласы республикалық этномәдени бірлестіктері ұйымдастырған іс-шараға ҚХА төрағасының орынбасары Хамедов А.М., ҚХА мүшелері, республикалық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен мүшелері, ЭМБ жастары, «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілері, №9 мамандандырылған (түзету) мектеп-интернатының тәрбиеленушілері, психоневрологиялық ауруларға шалдыққан мүгедек балаларды бейімдеу орталығының бүлдіршіндері, «Салиқалы ұрпақ» пансионатының тәрбиеленушілері, республикалық этномәдени бірлестіктердің балалары қатысты.
Балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында тосын сыйлар мен тәттілер таратылып, «Көңілді мекен – балалық» атты асфальт бетіне салынған суреттер сайысы ұйымдастырылды.

Мүмкіндігі шектеулі жандарға, балалар мен қарттарға арнап үнемі қайырымдылық көрсетілімдер ұйымдастыратын театр үжымы бүгін тағы бір істің басын қайырды. Осындай көңілді өсіріп, жүрекке шаттық сыйлатын шаралар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр