Солтүстік Корея үш аптада зымыран сынағын үш рет жасап үлгерді. Бұл жаңадан сайланған Оңтүстік Кореяның президентінің Солтүстік Кореямен байланысты қалай тұрақтандыруына әсер етпей қалмайды.
АҚШ-тың Тынық мұхит бас штабының мәлімдемешісі Рамон Осорионың айтуына қарағанда, кезекті зымыран сынағы дүйсенбі таңғы сағат 05:10 да жасалған. Зымыран ұшырылған орын елдің солтүстік шығыс теңіз жағалауындағы Уонсан қаласына жақын тау арасынан ұшырылған. Алты минут өткеннен кейін зымыран Жапония мен Корея арасындағы теңізге құлаған.
Солтүстік Кореяның айтуына қарағанда бұл реткі сынаққа үдемелі ұшыру мен нысана дәлдігін сынау басты мақсат етілген. Зымыран нысананы тұрақты сақтап тұру құрылғысына ие. Алдын ала белгілеген нысанаға дәл соққы жасай алады. Нысана дәлдігі 7 метр шамасында. Оңтүстік Кореяның бірлескен армиясының өкілдері зымыранның 450 шақырым қашықтыққа ұшатынын, ең биік ұшу нүктесі 120 км болғанын айтты.
Солтүстік Кореяның бұл зымыран ұшыруы Оңтүстік Кореяның жаңа президентінің сайлаудан бұрынғы уәдесін орындауына кері әсер бермек. Мүн Жа-Ин сайлау кезінде Корей түбегі мәселесін оңап, Пиоңяңмен (Пхеньян) болған қарым-қатынасты жақсартуға, тіпті экономикалық көмек көрсету секілді корей бірлігін қуаттап келіп еді.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр