Биыл Қазақстан бойынша 136 мың түлек мектеп бітірді. Соның ішінде 6 мың 300-ге жуық оқушы «Алтын белгіге» үміткер.

Сондай-ақ мектеп бітіруші түлектердің 90800-i (66,7 %) қазақ мектебін,  39900-i (28,8 %) орыс мектебін тәмамдаған. Олардың  80 %-ы Ұлттық бірыңғай тестілеуді қазақ тілінде, 20 %-ы қазақ тілінде тапсырады.

Жалпы Қазақстанда 95 340 түлек Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтуге тілек білдірген. Жаңа үлгідегі сынақ 20 маусымда басталып, 1 шілдеге дейін жалғасады.

Ал түлектерге аттестаттарды тапсыру рәсімі мектеп әкімшілігінің шешімімен 10-12 маусым аралығында өтуі керек. Себебі министрлік оқуды аяқтау шараларын 15 маусымға дейін мектеп қабырғасында өткізуді ұсынған болатын.

Айта кетейік, биылдан бастап 11 -сыныпты бітіргендер ҰБТ-ны жаңа форматта тапсырады. Яғни Ұлттық бірыңғай тестілеу мектептік және ЖОО болып екіге бөлінеді.

Ендеше жаңа формата лағаш рет ҰБТ тапсыратын барлық түлектерге сәттілік тілейміз.

“The Qazaq Times”