Маңғыстау облысында құны 20 млн долларды құрайтын күн электростанциясы салынады. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен жиналыста француздық ЕСМ Technologies компаниясы президентінің кеңесшісі Азат Бетекбаев мәлімдеді.
"Жасыл" деп аталатын энергетиканың пилоттық жобасы Маңғыстау облысының Шетпе ауылына салынады деп жоспарланып отыр. Жобаны жүзеге асыруға ауылдың 70-80 тұрғыны қатысады. Ал жұмыс істеуге маңғыстаулық 50-ге жуық адамды үйрету жоспарланған", — деп түсіндірді Азат Бетекбаев.
Маңғыстау облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және энергетика басқармасы мен ЕСМ Technologies компаниясы арасында жасалған меморандумға сәйкес, күннен қуат алатын 12 МВт-тық станция салу жоспарланған. Құрылыстың бірінші кезеңі үшін 20 млн доллар жұмсалатын болады.
Жобаға Франция, Қытай және Қазақстан қатысады. Технологияны француздықтар қамтамасыз ететін болса, құрылыс және инвестицияға Қытай елі жауапты.


















Астанада қалған жаңаөзендік жұмыссыздар "Қазмұнайгаз" келіссөзді тоқтатып тастады дейді
ФБР Пентагонның құпия құжаттарының жариялануына қатысы бар күдіктіні қамады
Бішкекте кәсіпкерлер жаңа салық ережелеріне қарсы акция өткізді
Назарбаев "құрметті сенатор" атағынан айырылды
Моңғолия астанасында жаппай наразылық шерулері өтті
Екібастұзда жылу желісіндегі ақауға "станция қызметкерінің қателігі" себеп болғаны айтылды