Ұлыбритания полициясының лаңкестікке қарсы бөлімі Лондон әуежайында 37 жастағы ер азаматты ұстады деп хабарлайды ВВС ақпараттар қызметі.
Ұлыбритания полициясы Лондонның Станстед әуежайында Түркия арқылы Сүрияға ұшайын деп тұрған жерінен, лаңкестік шабуылдарды ұйымдастырды деген күдікпен 37 жастағы ер азаматты ұстаған.
Ұлыбритания полициясының мәліметінше бұл ер азаматтың ұсталуы Manchester Arena стадионында болған жарылысқа қатысы жоқ.
Естеріңізге салайық мамырдың 22 күні Манчестер қаласының Manchester Arena стадионына лаңкестік шабуыл жасалып, салдарынан 22 адам көз жұмып, 59 адам жараланған болатын.
Бұл террорлық акт Ұлыбритания тарихында болған екінші ірі лаңкестік шабуыл. Бұған дейін 2005 жылы Лондон қаласындағы террорлық шабуыл кезінде 50 адам көз жұмған.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау