Ресейдің «Единая Россия» партиясы америкалық БАҚ өкілдерін РФ ішкі істеріне араласты деп айыптады.
«Единая Россия» партиясы 2016 жылы Ресейде өткен парламент сайлауында америкалық БАҚ өкілдері Ресейдің оппозициялық партияларын жарнамалап, өзге партиялардың беделін түсіретін ақпарат таратты деп мәлімдеді.
Бүгін Ресейдің мемлекеттік дума отырысында РФ ақпараттық саясат комитетінің басшысы Леонид Левиннің баяндамасынан кейін, «Единая Россия» партиясының депутаты Андрей Исаев америкалықтар былтырғы парламет сайлауда Ресейдің ішкі істеріне араласқандығын айтқан.
Андрей Исаевтің сөзінше Ресей аумағында жұмыс істеп жатқан америкалық «Голос Америки», «Радио Свобода», «CNN» сынды ақпарат құралдары Ресей Федерациясының ішкі саясатына әсер етіп отырған көрінеді.
Мемлекеттік Думада Ресейдің ақпараттық қауіпсіздігіне байланысты болған қызу талқылаудың соңында, Мемлекетті Дума спикері Вячеслав Володин бұл мәселе бойынша алдағы уақытта ФСБ-мен жабық есік жағдайында дөңгелек үстел өткізетіндіктерін айтқан.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі