Бүгін Иранда президент сайлауы өтуде деп хабарлайды Интерфакс ақпарат агенттігі.
Бүгін Иранда өтіп жатқан президент сайлауына 4 үміткер қатысуда. Олар Иранның қазіргі президенті Хасан Роухани, Иранның экс-өнеркәсіп министрі Мостафа Хашеми Таба, экс-мәдениет министрі Мостафа Мирсалим және экс бас прокурор Эбрахим Раиси.
Соңғы әлеуметтік сауалнамының қорытындысы бойынша сайлаудағы басты бәсекелестік Хасан Роухани мен Эбрахим Раиси арасында болады деп күтілуде.
Иран президенті болу үшін үміткерлер халықтың 50 пайыз дауысын жинауы тиіс. Егер үміткерлердің ешқайсысы 50 пайыз дауыс жинай алмаса, онда сайлаудың екінші туры өтетін болады.
Бұған дейін президент сайлауына үміткерлерді тіркеу кезінде Иранның бұрынғы басшысы Махмуд Ахмадинежадтың кандидатурасын Иран конституциялық кеңесі қабылдамай қойған болатын.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?