Жапония өзбек медбикелерін жұмысқа шақырады
Жапонияның әлеуметтік қамтамасыз ету корпорациясы Өзбекстаннан медбикелерді жұмысқа тартуға ниетті. Бұл мәселе Өзбекстанның еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Азиз Абдухакимов пен Жапонияның әлеуметтік қамтамасыз ету корпорация өкілдері арасында талқыланып жатыр.
centralasian.org хабарлағандай, келіссөзден кейін мыңға жуық өзбекстандық медбике Жапонияға жұмыс істеуге барады деп жоспарланып отыр. «Жапонияда бала туу төмендеп жатыр. Онда қарияларды күтетін адам жетіспейді. Осы тапшылықтың орнын толтыру үшін жапондық корпорация арнайы бағдарлама әзірлеп, өзбекстандықтарды жұмысқа тартқысы келеді», -деді еңбек министрлігінің өкілі.
Оның сөздерінше, жапониялық делегация ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнатқымыз келеді деп мәлімдеген. Қазіргі уақытта жұмысшылардың орташа жасы, қойылатын талаптар, білігі талқыланып жатыр екен. Мұнан бөлек Өзбекстанның бірқатар медициналық колледжінде жапон тілін енгізу мүмкіндігі қарастырылып жатқан көрінеді.
«Іріктеу кезінде жұмысшының медициналық білімі оншалықты маңызды болмайды. Жапондықтар бұл үшін арнайы курстан өтуі жеткілікті дейді. Олар қазірдің өзінде жапон тілін аздап білетін 35 медбикені ертіп кетуге даяр екен», - дейді министрлік өкілі.
Аталған жапониялық корпорация аурухана, қарттар үйі және демалыс орындарында қарияларға күтім жасау қызметімен айналысады.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?