"Фарс" ақпараттық агенттігінің хабарлауынша Иранның Орталық банкі: «Ирандық және ресейлік азаматтар 2017 жылдың тамыз айынан бастап, Иран мен Ресейдің банкоматтарынан ортақ пайдалана алады» деп мәлімдеген.
Иранның Орталық банкі Иран мен Ресейдің банк карточкаларының екі елдің банк саласындағы байланыстары кеңеюінің жалғасында халықаралық деңгейде қосылғанын хабарлады.
Иран мен Ресей арасында бірнеше айға созылған келіссөздерден кейін Иран ислам республикасының карточка құрылғысын Ресейдің карточка құрылғысына қосу үшін жасалан келісімнен кейін сынақ түрдегі ақша жөнелтімдері мамыр айының 15-нен басталды.
Иран мен Ресейдің банк карточкаларының байланысы Иранның түрлі аймақтарында туризм мүмкіндіктерін кеңейтумен қоса ирандық, Ресей және ТМД елдерінің саяхатшылар үшін едәуір жеңілдік қалыптастырады.
Батыс елдерінен әрдайым оқшауланып тұратын Иранның Ресеймен жақындасуы бұрыннан жалғасып келе жатқан дәстүр дегенімізбен соңғы кездердегі геосаяси жағдайлар, экономикалық санкциялар аталған екі елді тіптен жақындастырып барады.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы