Сәрсенбі күні Ресей президенті Путин өткен аптадағы Трамп пен Ресей сыртқы істер министрі кездесу барысында маңызды құпиялықтардың айтылғаны туралы ақпаратты теріске шығарды. Осыдан бұрын «Уашингтон Пост» басылымында Трамп Ресей өкіліне АҚШ-тың маңызды құпиялығын жайып салды деген тақырыпта мақала жариялап, Құрама Штатта күшті аңыс тудырған болатын.
“The Wall Street Journal” басылымының хабарлауынша, Қазіргі кезде Трампқа Уашингтон тарапынан жасалатын қысымдар барған сайын артуда. Өткен аптада Трамп президент кеңсесінде Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров пен Ресейдің АҚШ-та тұратын бас елшісі Сергей Кислякті қабылдаған болатын. Терроризмге қарсы тұрудың бірлескен жобалары туралы әңгімеде Трамп АҚШ-тың шетелдегі ақпар жинаушы агенттерін әшкерелейтін құпиялықтар туралы айтты деген айып бар.
Ресей басшысының кешегі сөзінде Трампты ақтай сөйлегені байқалады. Ол Сергей Лавров АҚШ президентімен кездескеннен кейін Ресей барлау агенттеріне немесе органдарына айта қоярлық ешқандай құпиялыққа ие болмағанын айтты. Тіпті ол сөзінде: «Егер Трамп мырза келісетін болса, Кремль кездесу барысының жазбаша нұсқасын жариялай алады», – деді.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау