Әлемдегі ең бай 500 адам бір күнде қор нарығының құлдырауы салдарынан 35 млрд доллар жоғалтты. Bloomberg агенттігінің мәліметінше, бұл АҚШ Президенті Дональд Трамп айналасындағы дауға байланысты.
Кеше яғни 17 мамыр күні америкалық қор индекстері соңғы 8 айдағы ең төменгі деңгейге жеткен. Мысалы S&P 500 индексі 1,8%-ға немесе 2357,2 пунктке дейін төмендеген. Dow Jones-тің өндірістік индексі 1,8%-ға, NASDAQ-тікі 2,6%-ға түсіп, 6011,2 пункт болды, деп хабарлайды Financial Times. Америкалық басылымдардың айтуынша, нарықтағы мұндай жағдайға Дональд Трамптың FBI басшысы Джеймс Комиді қызметінен босатуы және Ресей мен Трамп арасындағы байланысты тергеу әсер етіп отыр.
Сонымен әлемдегі байлардың көшбасшысы 86,8 млрд доллары бар Билл Гейтс 1 млрд доллар жоғалтқан. Microsoft корпорациясының акциялары 2,8% төмендеді. Amazon-ның негізін қалаушы Джефф Безос компаниясының акцияларының (2,2%) құлдырауынан 1,7 млрд доллар шығынға ұшырады. Inditex компаниясының иесі (Zara, Massimo Dutti, Bershka) Амансио Ортеганың қаржысы бір күнде 325 млн долларға азайды.
Бұл тізімде Facebook-тің негізін қалаған Марк Цукерберг те бар. Әлеуметтік желінің акциялары 3,3%-ға құлдарап, нәтижесінде 2 млрд доллардан айырылды.
Financial Times агенттігінің жазуынша, индекстердің құлдырауы «Трамп билігі АҚШ экономикалық өсімін көтеруде қаурақарсыз» екенін көрсетіп отыр.
Сондай-ақ, амеркалық қор нарығының құлдырауы Еуропа мен Азия және дамушы елдердің индекстерінің төмендеуіне әсер еткен.