Иран Ислам Республикасының 12-ші кезекті президент сайлауы өтуге жақын қалды. 16 мамыр күні Иранның қазіргі бірінші вице-президенті өзінің президент сайлауындағы кандидатурасынан бас тартатындығын жариялады. Бұл туралы «Шинхуа» ақпараттық агенттігінің Техрандағы тілшілері хабарлап отыр.
Иран Ислам Республикасының ақпараттық агенттігінің хабарына сәйкес, қазіргі вице-президенті Исхақ Жаһангири президенттік сайлаудан шегініп шығатынын жариялаған. Ол бұл әрекетін қазіргі президент Роуханиге қолдау білдіру үшін деп түсіндірген. Ол сөзінде: «Ұлттық прогресс Иранның нұрлы болашағының алғышарты. Сондықтан мен сайлауда президент Роуханиге дауыс берулеріңізді сұраймын», – деді.
Екі күннен кейін Иранның 12-ші кезекті президент сайлауы өтеді. Елдің Ішкі істер министрлігі 20 сәуірде жариялаған хабарында, президент Роуханиды қамтыған 6 үміткердің Конституциялық жоғары кеңестің сараптауынан өткендігі айтылған. 15 мамыр күні Техран қала бастығы, 16 күні қазіргі вице-президент президенттік сайлаудан шегініп шықты. Ал қазір үміткер кандидаттар саны президент Роуханиді қосқанда 4 адам.
Иранда әр төрт жылда бір рет президент сайлауы өтеді. Сайлаушылар өз кандидатына тікелей дауыс бере алады. Бір тұлға қатарынан екі кезек президент болуына мүмкіндігі бар.


















Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты