Уашингтонда Пентагон басшысы Джеймс Мэттис Түркия қорғаныс министрі Фикри Ышикпен кездесті деп хабарлайды РИА Новости ақпарат агенттігі  Пентагон баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында Джеймс Мэттис пен Фикри Ышик терроризиммен күрес, Сүриядағы соғыс , Таяу Шығыс мәселелерін бірігіп шешуге уағдаласқан. Бұдан бөлек Мэттис алдағы уақытта Пентагон Түркияға «Күрд жұмысшылар партиясымен» күресуге көмектесетінін айтқан.

Бірақ өткен аптада АҚШ, Сүрияда «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымына қарсы күресіп жүрген күрд әскери жасақтарын қару-жарақпен қамтамасыз етеміз деген болатын.

Ал ресми Анкара Сүриядағы бұл әскери жасақтарды Түркия аумағында террорлық ұйым деп табылған «Күрд жұмысшылар партиясымен» қатысы бар деп есептейтінін мәлімдеген еді.

“The Qazaq Times”