Әлемдегі ең қымбат жер телімі Гонконг қаласы басшылығының ұйымдастыруымен өткен аукционда 3 миллиард долларға сатылды.
"South China Morning Post" басылымының хабарлауынша, жер телімі Гонконг қаласының қақ ортасында орналасқан. Бұл аудандағы жылжымайтын мүлік пен жердің бағасы әлемдегі ең қымбат көрсеткіш болып табылады.
Ең беделді жылжымайтын мүлік компаниясы - Henderson Land-тің ұсынған бағасы сарапшылардың балжамынан әлдеқайда асып түскен. Осы саладағы әлемдік эксперттер бұл аймақтың құнын 2 – 2,8 млрд доллар шамасында деп болжаған еді.
Аукционға Henderson Land компаниясынан бөлек 8 әлемдік жылжымайтын мүлік компаниялары қатысты.
Қазіргі таңда бұл аймақта бес қабатты тұрақ орналасқан, ал жердің ендігі иелері 2022 жылға дейін бұл жерге өзінің ғимаратын тұрғызбақ.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау