АҚШ президенті Дональд Трамп 29 мамырда арнайы баспасөз конференциясын өткізіп, Қытайға қатысты мәлімдеме жасайды. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.
Баспасөз конференциясы Гонконг аумағында Ұлттық қауіпсіздік туралы Заң жобасын Қытаймен дайындауға арналуы мүмкін.
24 мамырда АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі Роберт О ' Брайен егер Гонконг еркіндігіне қандай да бір нұқсан келетін болса, Уашингтон Қытайғва қарсы санкция енгізетінін айтқан болатын. Ақ үй басшысының Гонконгке берілген экономикалық артықшылықты жоюға өкілеті жетеді.
Халық өкілдерінің Бүкілқытайлық жиналысы (ҚХР Парламенті) Гонконг аумағында ұлттық қауіпсіздік туралы заң жобасын дайындау туралы қарар қабылдаған. Жергілікті билік бастаманы қолдап, халықтың заңды құқықтары мен бостандықтарына әсер етпейтінін атап өтті. Алайда, Гонконг оппозициясы, батыс елдері мен жақтастары шешімге түбегейлі қарсылық білдіріп, оны территориялары ерекше автономиялық мәртебеге кепілдік берілген «бір ел – екі жүйе» қағидатын бұзу деп бағалады.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес