 
                                    Францияның жаңа президенті Эммануэль Макрон кеше түстен бұрын ресми президент болып тағайындалды және бірден қызметке кірісті. Ол президент ретінде алғашқы жұмысын үкімет басшысын тағайындаудан бастады. Макрон премьер-министр етіп Эдуард Филиппті (Edouard Philippe) белгіледі. Бұл туралы «The Wall Street Journal» басылымы хабарлап отыр.
Кеше түстен бұрын ресми қызметке тағайындалған Эммануэль Макрон бірден президенттік қарбалас жұмысына кірісіп кетті. Ол осыған дейін Республикашылдар партиясында маңызды қызмет етіп келген Эдуард Филиппті өзінің премьер-министрі етіп белгіледі. Келесі айдағы парламат сайлауына дейін ол бұрынғы саяси партия өкілдерін өз жағына тартуға тырысады. Ол өзінің жаңа партия құрамын толықтыруда. Францияның кейбір қоғамдық саяси партиялары әлдеқашан Макронның жаңа партиясының кандидаттығын қолдап отыр. Алайда, Республикашылдар партиясы әлі де толықтай келісім бермеді.
Үкімет басшысын тағайындай салысымен Макрон шетелге сапарын бастады. Ол Берлинге мемлекеттік сапармен барып, Германия канцлері Ангела Меркельмен кездесті. Екеуі ара жылы лебізде пікірлесіп, ЕО-ның жаңа шартын жасау, Еуропалық одақты нығайту турасында кеңес өткізді. Германия канцлері Макронмен бірлесе отырып жаңа әрі кеңейтілген екі жақты келісімдерді дамытатындығын, екі ел өкілдері маусым айындағы Франциядағы парламент сайлауынан кейін жоғары деңгейдегі келіссөз отырысында жүздесетінін айтты.












 
                                                        





 Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
                                        Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
                                     Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
                                        Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
                                     Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
                                        Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
                                     Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
                                        Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
                                     Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
                                        Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
                                     Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау
                                        Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау