Ресейде астық экспорты өте жылдам жандандырып келеді. Tages-Anzeiger деп аталатын швейцариялық газеттің шолушысы Андреас Флютчтің мәліметінше, АҚШ пен Еуропалық одақ керісінше, соя, бидай және жүгері бағасының төмендеуі салдарынан шығынға батып жатыр.
АҚШ-тың ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, 2016 жылы Ресей астық экспорты бойынша әлемдік нарықта Американы басып озған. Ал 2017 жылы Еуроодақ құрамындағы көшбасшы елдерді қуып жетуі мүмкін. "Ресей Қазан революциясы кезіндегідей нағыз астық қоймасы болуы ғажап емес", - делінген Флютчтің шолуында.
Автордың пікірінше, дамушы елдердегі астық экспортының артуы әлемдегі азық-түлік жағдайына ерекше әсер етеді. Журналистің айтуынша, батыс елдеріндегі агрохолдингтерге осы күнге дейін оңтүстік америкалық фермерлер шаруашылығы нағыз бәсекелес болған. Мысалы 2012 жылы Бразилия соя сатылымы бойынша АҚШ-ты артта қалдырса, ендігі уақыта жүгері экспорты бойынша әлемдік көшбасшы болады.
Автор сондай-ақ, батыс елдері тарапынан болған санкция "Ресейдің аграрлық секторының нығаюына көмектесті" дегенді айтады. Батыс тарапынан болған саудаға қатысты шектеулер ауыл шаруашылығының дамуына көмектескен, ал рубльдің арзандауы әлемдік нарықта ресейлік фермерлердің бәсекеге қабілеттілігін арттырды. АҚШ пен ЕО кәсіпкерлері болса айтарлықтай шығынға ұшырап жатыр.
"Көптеген америкалық фермерлер бағаның төмен болуын қаламайды", - деп жазады Флютч. Мұндай жағдайды ескерген Ақ үй протекционистік сауда саясатына жүгініп, саланың дамытамыз деген ниетте.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы