Астана қаласында төрт қабырғасына Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың суреттері ілінген Раушан Ұябаеваның үйін сүріп тастады. Билік тұрғындарды бұл үйден кетуге көндірген деп жазады "Орталық Азия хабар қызметі".
Үй иесі Несіпкүл Ұябаева билікке қарсыласудан әбден шаршағанын, бірақ олардың әрекеті заңсыз дегеннен әлі танбағанын айтты.
Астана әкімдігіне қарасты "Қалалық жылжымайтын мүлік" мемлекеттік коммунальдық кәсіпорын жетекшісі Александр Строчковтың айтуынша, сот орындаушылары сот белгілеген өтемақыны төлеп бергенше, бұл үйдің тұрғындарына жатақханадан орын ұсынылған.
Астана билігі бұл үйді сот шешімімен өткен жылдан бері сүруге талпынып келеді, бірақ өтемақы көлемі тым аз деп санайтын тұрғындар оны босатудан бас тартқан.
21 сәуірде Астанада "ЭКСПО" халықаралық көрмесіне дайындық мәселелері талқыланған жиында Назарбаев астана орталығындағы ескі үйлер қала көркін бұзып тұр деген еді.
















Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?