 
                                    Ресей Федерациясының экономикалық даму министрі Максим Орешкин "Россия24" телеарнасына берген сұхбатында импорт көлемі артқан жағдайда жаз мезгілінде рубльдің әлсіреуі мүмкін екенін айтады.
"Алыс шетелден келетін импорттық тауарлардың көлемі жыл басынан бері 20–25%-ды құрады. Егер бұл көрсеткіш жаз айларында да сақталатын болса шотта тапшылық пайда болады. Әрине мұндай жағдайдан кейін рубль құнының жоғары болуы екіталай", - дейді министр.
Ол қазіргі кезде Ресейдің активтер қатарына шетелдік капитал қосылып жатқандықтан рубль нығайып жатқанын атап өтті. Ал бұдан бұрын ол мезгілдік факторларға қатысты төлем балансының нашарлауы салдарынан 2017 жылдың екінші және үшінші тоқсанында ресейлік валютаның әлсіреуі мүмкін екенін ескерткен.
Ресейдің экономикалық даму министрлігінің болжауынша, алдағы айларда рубльдің 1 долларға шаққандағы құны 63-64 рубль шамасында, ал 2018 жылы 70,8 рубль шамасында болады.
Ал Қазақстан мен Ресей экономикасының тығыз байланыста екенін ескерсек, бұл еліміздің ұлттық валютасына әсер етуі ғажап емес. Дегенмен, өткен аптада Қазақстан даму банкінің басқарма төрағасы Болат Жәмішев "Теңге бағамы қазір ныңайып келеді, сондықтан бағам күрт өзгеріп кетеді деп ойламаймын. Девальвацияның белгілі бір кезеңі болуы мүмкін, десек те оң динамиканы құлдырататын «мина» бар деп есептемеймін" деп пікір білдірген еді.












 
                                                        





 Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
                                        Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
                                     Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
                                        Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
                                     Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
                                        Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
                                     Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
                                        Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
                                     Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
                                        Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
                                     Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау
                                        Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау