АҚШ-тың жерден басқарылатын ұшағы орбитада 718 күн болып жерге қайтып оралды.
Х-37В Orbital Test Vehicle-4 эксперименттік орбиталық ұшағы 718 күн бойы ғарышта Пентагонның құпия опирациясын орындап келген.
Сарапшылардың айтуынша АҚШ әскери әуе күштері Х-37В Orbital Test Vehicle-4 ұшағының бортында ионды қозғалтқыш жасауға және ғарыш кеңістігінде жердегі материалдардың өзгеруіне тәжірибе жасаған.

Ең алғаш Х-37В ұшағын спутниктерді жөндеу мақсатында 1999 жылы NASA мен Boeing бірлесіп жасаған болатын. Кейінен 2004 жылы бұл жоба АҚШ-тың әскери әуе күштеріне қарасты алдыңғы қатарлы қорғаныс зерттеулер агенттігінің қарамағына өткен. Осы кезден бастап Х-37В жобасы Orbital Test Vehicle атты әскери құпияға ие жобаға ауыстырылды.

Х-37В ұшағы ең алғаш 2010 жылдың сәуір айында орбитаға шығып, желтоқсан айында қайтып оралған. Х-37В Orbital Test Vehicle осы уақытқа дейін жер орбитасында 4 рет ұшып, 2085 күн болған.
Қазіргі таңда АҚШ-тың бұл ұшағының құпия жағдайда сақталуына байланысты. Әлемнің көптеген ғарыш саласының сарапшылары Х-37В Orbital Test Vehicle ұшағы ғарыштағы өзге елдердің спутниктерін істен шығаруға, АҚШ-тың қарсыластарын ғарыштан барлауға арналған ұшақ болуы мүмкін деп алаңдаушылық білдіруде.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы